«Астана» «Жетісудан» басым түсті

27.11.2020, 19:56
Елордалық команда күміс жүлдеге таласу мүмкіндігін сақтап қалды.
«Астана» «Жетісудан» басым түсті

Елордалық «Астана» Премьер-лиганың 21-туры матчында «Жетісуды» жеңді. Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды.

Кездесудегі алғашқы голдың авторы төртінші минутта көзге түскен Талдықорғандық команданың беларусь қорғаушысы Андрей Залески болды. 61-минутта Марин Томасов есепті теңестірді. Содан кейін Кипр құрамасының шабуылшысы Пиерос Сотириу 81-ші минутта жеңіс голын соқты.

Үш ұпайға ие болған «Астана» 33 ұпаймен үшінші орында тұр. "Жетісу" 25 ұпаймен жетінші орында қала берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×