Конференциялар Лигасының 2-іріктеу кезеңінің бірінші бәсекесінде елордалық клуб тиімді нәтижеге жетуді ойлайды.
Былтыр Григорий Бабаянның командасы КЛ-ның негізгі кезеңінде бақ сынап, 28-орынды місе тұтқан. Енді биыл іріктеуден іркілмей өте ала ма? Бірінші кедергі молдовалық ұжым. ҚПЛ-де «Астана» 18 матчта 12 жеңіс тіркеп, көш бастауда. Команда қоржынында 40 ұпай. Енді бар күш-жігерін Еурокубоктік сайысқа сарп етуге дайын. Статистикасы да жаман емес – соңғы 5 матчтың төртеуін ұтып, бір рет тең түскен.
«Зимбру» былтыр Молдова чемпионатында үшінші орын алды. Биыл басталған турнирде 3 турдан кейін 7 ұпаймен әзірге төртінші сатыда келеді. Команданың Еурокубоктік тәжірибес көп деуге келмейді. Дегенмен, орайы келсе мүмкіндікті пайдаланып қалудан кетары емес. Былтыр, дәл осындай ситуацияда тағы бір молдовалық команда «Петрокуб» ҚПЛ өкілі «Ордабасыны» қапы қалдырып кеткен. «Астананың» бапкерлік құрамы мұны назардан тыс қалдырмайды деген ой бар.
Бұл бәсекенің екінші таймының жалпы тоталы 1.5-нан көп болады деп топшылаймыз. Бұған Fonbet.kz 1.92 коэффициент беріп тұр.