Астанада Қазақстан футбол федерациясы FIFA қолдауымен ұйымдастырған футбол таланттарын анықтау жөніндегі алғашқы оқу курсы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұл бастама – әлемдік футбол ұйымы іске асырып жатқан FIFA Talent Development Scheme бағдарламасының бір бөлігі. Жаһандық жоба элиталық жасөспірімдер футболын дамыту жүйесін жаңғыртуға бағытталған.
Курсқа кімдер қатысып жатыр?
Оқыту бағдарламасы республика бойынша талант іздеумен айналысатын мамандарды бір алаңға жинады. Атап айтқанда:
Қатысушылар арасында Қазақстандық футболда есімі белгілі тұлғалар бар.
Руслан Балтиев, Игорь Шпанера, Дмитрий Васильев, Иван Азовский, Владимир Никитенко, Станислав Погорелов, Виталий Астафьев, Нұржан Әбілдаев, Бауыржан Сағындық, Болат Есмағамбетов және Сергей Пак.
Бағдарламаның басты сарапшысы – FIFA маманы
Оқу курсының негізгі эксперті – FIFA Talent ID маманы Стив Марроу. Ол "Арсенал” академиясында ұзақ жыл жұмыс істеген, Еуропа футболындағы 25 жылдан астам тәжірибесі бар беделді сарапшы.
Мақсат – Қазақстанда бірыңғай Talent ID жүйесін қалыптастыру
Курстың негізгі мақсаты – Қазақстанда таланттарды бағалау мен іріктеудің біртұтас ұлттық моделін құру. Жаңа жүйе:
FIFA әдістемесі мен жаңа цифрлық экожүйе
Курс барысында қатысушылар:
Сонымен қатар ҚФФ-тың жаңа скаутинг жүйесі таныстырылды. Ол:
Практикалық бөлім – "Talent ID Cup" турнирінде
Оқыту бағдарламасының тәжірибелік бөлігі U-12 жас санатындағы "Talent ID Cup” турнирінде өтеді. Қатысушылар:
Бұл деректер кейін ұлттық Talent ID платформасына енгізіледі.