Астанада футбол туралы алғашқы қазақстандық драманың жабық көрсетілімі өтті

23.04.2025, 13:30

21-сәуір күні Астанада футбол тақырыбына арналған "90+1" атты алғашқы Қазақстандық көркем фильмнің жабық көрсетілімі өтті.

Астанада футбол туралы алғашқы қазақстандық драманың жабық көрсетілімі өтті

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Фильм отандық кинематография үшін ерекше жоба саналады, өйткені ол алғаш рет үлкен футбол тақырыбын драма арқылы көрсетуге тырысқан.

Режиссері — Тимур Дулатов, ол бұған дейін "Бизнес по-казахски” және "Әкім” атты комедияларымен танылған. Фильмнің басты рөлдерін Қуаныш Керімқұлов, Алмат Сақатов және Артур Асқарұлы сомдайды. 

Бұл фильмге Аладоп сайтының құрылтайшысы Ермұхамед Мәулен де түскен еді.

Фильм авторларының айтуынша, туынды футболды жай ғана хобби емес, өмірінің бір бөлшегі, өзіндік өрнек пен арманға апарар жол деп қабылдайтын жас жігіт туралы баяндайды. Фильм желіму спорттық көріністерге, әсерлі драмалық оқиғаларға және терең эмоциялық сәттерге толы.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×