Астанада “Қайрат” – “Олимпиакос” матчына арнайы шаттл-автобустар ұйымдастырылады

Бүгін, 21:56

Астана қаласының әкімдігі "Қайрат" пен "Олимпиакос" командалары арасындағы матчқа орай, жанкүйерлер үшін арнайы шаттл-автобустарды іске қосады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Астанада “Қайрат” – “Олимпиакос” матчына арнайы шаттл-автобустар ұйымдастырылады

Бұл шара жанкүйерлердің Астана-Арена стадионына ыңғайлы және қауіпсіз жетуін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Матч өтетін күні елордалық әкімдік 25-ке жуық автобусты іске қосады. Олар қаланың бес түрлі нүктесінен Астана-Арена» стадионына дейін және кері бағытта қатынайды.

Жинақтау нүктелері (аялдамалар):

      1. Елордалық цирк

  1. Әзірет Сұлтан мешіті
  2. Қазақстан спорт кешені
  3. Орталық саябақ
  4. Бас мешіт

Қозғалыстың басталу уақыты: 18:00

Жанкүйерлерге ұсыныс: Аялдамаларға сағат 17:30-ға дейін келуге кеңес беріледі.

Бағыты: Автобустар екі бағытта да (стадионға және кері) жүреді.

Матч барысында Астана қаласының Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік шараларын айтарлықтай күшейтеді. Қоғамдық тәртіпті сақтауға 2800-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылады. Олардың қатарында патрульдік бөлімшелер, учаскелік инспекторлар және кинологиялық қызмет мамандары бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×