“Астанада” қаржылық қиындықтар – Бабаян команданың болашағы туралы айтты

13.01.2026, 21:05

"Астананың" соңғы жылдардағы ең қиын кезеңді бастан өткеріп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Астанада” қаржылық қиындықтар – Бабаян команданың болашағы туралы айтты

Елордалық ұжымның бас бапкері Григорий Бабаян Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында клубтың қазіргі ауыр жағдайы мен алдағы жоспарлары туралы ашық айтты.

Оқу-жаттығу жиыны неге Астанада өтіп жатыр?

Бапкердің айтуынша, қаржылық тапшылыққа байланысты желтоқсан айындағы жоспарлар мен қаңтардағы шетелдік жиындардан бас тартуға тура келген. Енді команда 10-28 қаңтар аралығында өз базасында дайындалады.

Құрамдағы өзгерістер және легионерлер мәселесі

"Астанадан” бірқатар негізгі легионерлер кетіп қалды. Клуб оларды алып қалуға қауқарсыз болған. Сондықтан биылғы маусымда негізгі екпін келесі ойыншыларға қойылады:

• Қолданыстағы келісімшарты бар футболшылар

• Соңғы екі маусымда негізгі құраммен жаттыққан жас таланттар

"Қазір легионерлерді шақыру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Біз ішкі нарыққа назар аударып, тағы 2-3 Қазақстандық ойыншымен толыққымыз келеді.” — деді Бабаян.

Трансферлік жаңалықтар: Әлібек Қасым және басқалар

Бас бапкер Әлібек Қасыммен келіссөздер жүріп жатқанын растады. Сондай-ақ, жалға беруден оралған Элхан Астанов командада қалатыны, ал Арман Кеңесовтің тағдыры осы жиынның қорытындысы бойынша шешілетіні белгілі болды. Жанкүйерлерді мазалаған Назми Грипшиге қатысты жауап та дайын, ол әзірге командада, бірақ тиімді ұсыныс түссе, клуб оны сатуға дайын.

Үлкен қайта құру 

Григорий Бабаян бұл кезеңді "Астана” үшін үлкен "перезагрузка” деп атады. Дегенмен, қиындықтарға қарамастан, қолда бар мүмкіндіктермен сапалы команда құруды мақсат етіп отыр. Бапкер клубқа қолдау көрсеткен Спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа және Sport Qory қорының басшылығына алғысын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×