Бүгін ҚФФ-тың Астанадағы кеңсесінде Премьер-лига клубтары өкілдерінің қатысуымен TMS (Transfer Matching System) FIFA саласы жөнінде жұмыстық мәслихат өтті.
Негізгі көтерілген мәселелердің бірі Премьер-лига клубтарының трансферлік келісімдерінің ашық болуы турасында еді. Мәслихатты ҰФЛ-дың директоры Олжас Абраев жүргізді.
3 ақпанда мәслихат бірінші лиганың TMS менеджерлерінің қатысуымен өтеді.