"Астанадан" биыл не күтуге болады?

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
26.02.2024, 11:54

Биылғы Қазақстан чемпионатында қай команданың асығы алшысынан түспек?! Легионерлерге шектеудің алынуы ішкі біріншіліктің деңгейін қаншалықты көтереді? ҚПЛ-дегі командалардың әлеуетін таразылауға арналған материалдарымызды жалғастырамыз.

"Астанадан" биыл не күтуге болады?

«АСТАНА»

Ең алдымен команданың Астанадан көшуінен бастасақ. Енді клуб осы маусымдағы өзінің барлық мачтарын Алматыда өткізеді. Астаналықтардың жанкүйерлері қара күзге дейін Алматымен екі ортада сабылатын болды.  Команда үйдегі кездесулерін «Хан-Тәңірі» стадионында өткізеді. Былтыр «Астана» күміс медальді қанағат тұтқан. Биыл, сөзсіз, Григорий Бабаян үшін сын сағаты болайын деп тұр. Клубтың бас бапкерін қазір ерінбегеннің бәрі сынайды. Клуб басшылығының шыдамының шегі барын Бабаян да біледі. Сондықтан, биылғы ҚПЛ ді ұтуға ең алдымен бас бапкердің өзі мүдделі деп есептейміз. Еурокубоктер былай тұрсын, «Астана» үшін ішкі біріншіліктегі бәсекелетіктің өзі қиындап барады. «Астананы» бір кездері чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп, еуропа лигасының плей-оффына шыққан команда десе қазір ешкім сенбейді. Қазақстан чемпионатының өзінде ала-құла ойнап жүр. Әрине, Станимир Стойловтың «алтын ғасырынан» кейін жанкүйер көңілінен шығу қиын болар. Жаңа маусымда астаналықтардың шабуыл шебі мүлде басқаша болмақ. Жанкүйердің «көзіне күйік» болған Дембо Дарбомен ақыры қош айтысты. Абат «Аданаға» ауысты. «Астана» жейдесін Қазақстан Ұлттық құрамасының қорғаушысы Марат Быстров, Яннис Масурас пен Грузия біріншілігінен ауысқан Барнс Осей мен Усман Камара киді. Ендігіде жанкүйерлер осы жігіттерге сенім артпақ.          

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×