Елордалық “Астана” футбол клубына төрт ойыншы қосылды. Қорғаушы Мұхтар Мұхтаров, жартылай қорғаушы Ұлан Қонысбаев, шабуылшы Сергей Остапенко мен Сергей Гридин ұлу жылындағы премьер-лиганы “Астана” сапында бастайтын болады.
Өткен жылы Мұхтаров шымкенттiк “Ордабасы” клубында ойнап, ел кубогын ұтып алды. Қонысбаев кеншiлердiң “Шахтерiнде” тер төгiп, чемпион атанды. Остапенко “Жетiсу” ойыншыларымен күмiс жүлдеге қол жеткiздi, Гридин қостанайлық “Тобылда” жақсы қырынан танылды.
Бұл ойыншылар тек клубтарда ғана емес, ұлттық құраманың да мүшелерi. Қонысбаев пен Гридиндi өткен жылы Беранек құрама қатарына қабылдады, Мұхтаров 5 жылдан кейiн құрамаға қайта қосылса, Остапенко 2007 жылдан берi құрамада ойнап келедi.
"Жас алаш"
Біздің серіктес: FONBET