«Астананы» жауапты матчта да еш қиындықсыз жеңген «Қайрат» Қазақстан кубогінің финалына шықты

20.11.2021, 21:50
«Қайрат» маусымда трофеймен аяқтауға тырысады, ал «Астана» үшін бұл соңғы ойын болды.
«Астананы» жауапты матчта да еш қиындықсыз жеңген «Қайрат» Қазақстан кубогінің финалына шықты

"Қайрат" Қазақстан кубогінің жартылай финалындағы жауапты матчта "Астананы" қабылдады. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Ойынның алғашқы бөлігінде гол көре алмадық. Ал 60-минутта "Қайрат" қорғаушысы Раде Дугалич екінші ескерту қағазын алып, алаңнан қуылды. Бес минуттан кейін "Астана" футболшысы Мейрамбек Қалмырза өз қақпасына гол соғып алды. Араға бірнеше минуттар салып Қалмырза да қызыл қағаз алды. Ойынның соңғы бөлігінде қосалқы құрамнан шыққан Хосе Канте мен Вагнер Лав мергендік танытып, командасына жеңіс сыйлады.

Естеріңізде болса, қос команда арасындағы алғашқы матч та 3:0 есебімен алматыдық клубтың пайдасына шешілген еді.

Финалға берілетін екінші жолдаманы ертең "Тобыл" мен "Шахтер" клубтары сарапқа салады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×