«Астананың» атқарушы директоры қызметінен босатылды

31.08.2022, 18:39
Клубтың бас директоры да өз орнын босатуы мүмкін.
«Астананың» атқарушы директоры қызметінен босатылды

«Астананың» атқарушы директоры Санжар Сейітқазинов ресми түрде қызметінен кетті, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Сейітқазинов елордалық клубқа 2021 жылдың қазан айында келген болатын.

Өткен маусымда «Астана» чемпионаттың күміс жүлдегері атанып, Қазақстан кубогінде жартылай финалға дейін жетті.

Биыл елордалық клуб 17 ойында 31 ұпай жинап, Премьер-лиганың турнирлік кестесінде екінші орында тұр. Бүгін Срджан Благоевичтің командасы Қазақстан кубогінің ширек финалы аясында өз алаңында «Мақтааралға» қарсы ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×