«Астананың» бапкері сырт алаңдағы жеңіліс жайлы: екі гол да қателіктеріміздің салдары

25.10.2024, 12:00

Григорий Бабаян Конференциялар Лигасының екінші кезеңі аясында «Нью-Сейнтспен» өткен кездесу жайлы ойын ортаға салды.

«Астананың» бапкері сырт алаңдағы жеңіліс жайлы: екі гол да қателіктеріміздің салдары
"Нью-Сейнтс" - "Астана" кездесуі

«Нәтижеге әрине де көңіліміз толмайды, өйткені біз тәуір өнер көрсетіп, жалпы қарсыласымыздан жаман көрінген жоқпыз. Алайда, жеңіске жету үшін өзіңдегі мүмкіндіктерді жүзеге асыру керек, ал бізде ондайдың 6-7 болды. Бірінші таймда біз қорғаныста 2-3 эпизодта өрескел қателесіп, салдарынан гол жібердік. Екінші тайм да солай, бірнеше мүмкіндікті мүлт жібергеннен кейін қарымта шабуыл, пенальти және - 0:2.

Қайталаймын, бізде мүмкіндіктер болды - доп екі рет қақпа бағанасына тиіп, футболшыларымыз қақпашымен үш рет бетпе-бет шығып гол сала алған жоқ. Бүгін алаңға шыққан ойыншылар жаман өнер көрсеткен жоқ, бірақ өз қателіктерінің зардабын тартты. Екі гол да қателіктеріміздің салдары», - деді қазақстандық маман.

 

Айта кетейік, Конференциялар Лигасынының екі турынан кейін «Астананың» қоржынында 3 ұпай. Елордалықтар бірінші турда сербиялық «ТСЦ» командасын ұтқан (1:0).

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×