«Астана» футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян «Жетісуға» қарсы өткен ойын мен Абат Айымбетовтің трансферіне байланысты пікірін айтты.
Осыған бейін біраз БАҚ-та Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Астанға» ауысуы мүмкін деген ақпарат тараған. Бүгін ҚПЛ-дің үшінші турының аясында елордалықтар талдықорғандық клубты қабылдап, 3:0-мен ойсыратып ұтты.
«Құраманың үзілісінен кейін болар, ойынға ауыр кірдік. Кездесудің 15-минутында өз ойнымызды тапқан соң, бәрі ойдағыдай жалғасты. Мүмкіндіктерімізді іске асыру жағы біраз ақсаған, бірақ дер кезінде гол соғып алдық. Тек екінші таймда әркімнің 10-15 пайызға босаңсуы ұнаған жоқ. Марин Томасов, жарады, әрине. Бұл ойынның үздігі! Барлық голы керемет.
Абат ұлттық командаға виза дайындаған кезде бірнеше апта бұрын бізбен бірнеше жаттықты. Өзін бабында ұстау үшін осылай істеген. Ал қалған әңгіменің барлығы шындыққа жанаспайды. Оның Түркияда жазға дейін келісімшарты бар және мансабын жалғастыратын бірнеше нұсқасы болған. Ал егер Қазақстанға оралып жатса бір варианты осында болар деп үміттенемін»,- деді Г. Бабаян.
Елордалық клуб үш турдан кейін екінші орынға жайғасқан. Ал Самат Смақовтың командасы 2 ұпаймен 13-орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET