Биылғы еурокубоктік маусымды мерзімінен бұрын аяқтаған Григорий Бабаянның тағдыры қыл үстінде.
Кешегі Конференция Лигасынан кейін жаттықтырушыны қызметінен қумақшы болған фанаттың қарасы көп болды.
Болмады дегеннің өзінде еурокубоктың плей-офф кезеңінде сүрінетін ұжым, 15 жылда алғаш рет еуродада бақ сынасып жатқан “Лозанна” командасынан қос матч қорытындысы бойынша 1:5 жеңіліп қалды.
Осылайша еуромаусымнан қалыс қалған “Астана” ұжымын тек чемпионат ойындары ғана мазаламақ. Команда биылда чемпиондық тондоны басына көтермесе, Бабаянның клубтан кететіні айдан анық дүние. Бірақ бұл жағдайға жеткізбес үшін елорда ұжымы қалған 7-турды сәтті тәмамдауы тиіс.
Айта кетейік, “Астана” турнир кестесінде 40 ұпаймен 2 орында келеді. “Көк-сарылар” көш басын ұстаған "Қайраттан" 3 ұпайға қалық. Бір қызығы, аталған ұжымдардың Премьер-лигадағы жолы тек соңғы турда ғана түйіседі.
Еске салсақ, Бабаян шәкірттері осы маусымдағы Кубоктың матчтарында қатырмады. “Жеңіспен” өткен ширек финал кездесуінде “Астана” пенальтилер сериясында есе жіберді. Бірақ ойын барысында елорда ұжымы футболшылары лотореяға дейін жеткізбейтін қанашама мүмкіндікті пайдаланбады. Олар қақпаға дәл бағытталған 25 соққының 1-еуінде голға айналдыра алмады.