“Астананың” экс-ойыншысы болгар ұжымындағы дебюттық ресми кездесуін өткізді

ЦСКА София ішкі чемпионаттың 20-туры аясында “Арданы” 3:1 есебімен жеңді.

“Астананың” экс-ойыншысы болгар ұжымындағы дебюттық ресми кездесуін өткізді

София қаласындағы “Васил Левский” стадионындағы ойында алаң қожайындары сапынан Питас, Делова, Лео Перейра голдық нәтижелерімен көзге түсті. Ал қарсыластан шабуылшы Атанас Кабов мергендігімен көзге түсті. 

Аталған кездесу өткен маусым “Астанада” ойнаған Макс Эбонг үшін ЦСКА жейдесіндегі ресми дебюттық матч болып тіркелді. Бұған дейін София ұжымының оңдығы "Млада Болеслав", "Черкасы", “Дунав" Рус клубтарына қарсы жолдастық ойын өткізген.

Айта кетейік, беларусь жартылай қорғаушысының сатылымынан “Астана” командасы 425 мың еуро пайда көрді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×