«Астананың» экс-ойыншысы: Ресейдің ең танымал тағамы? Қанға ұқсас, қызыл сорпа

07.01.2023, 21:26
«Астананың» экс-ойыншысы: Ресейдің ең танымал тағамы? Қанға ұқсас, қызыл сорпа


"Урал" ФК футболшысы Рай Влут жергілікті асхананың танымал тағамына баға берді.


"Ресейдегі ең танымал тағам туралы хабарым бар. Ол қанға ұқсас, қызыл сорпа. Мен оны жеп көрген жоқпын. Бірақ, бұл жақтағы жігіттердің барлығына осы тағам ұнайды. Мені сорпаның түсі қорқытады. Кейде дәмін татып көруге оқталамын. Алайда, бастағы күдіктен кейін бұл ойымнан бас тартамын. Егерде сіздер тағамның тек түсі нашар, дәмі тамаша деп маған кеңес берсеңіздер, мен тәуекелге бел буып, сорпаны ішіп көремін".


Влут "Урал" сапына 2022 жылдың қыркүйек айында қосылған болатын. Футболшының Екатеринбург ұжымындағы келісімшарты 2024 жылға дейін жарамды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×