«Астананың» экс-ойыншысы жаңа клуб тапты

08.01.2023, 17:43
«Астананың» экс-ойыншысы жаңа клуб тапты


Румындық "Волунтари" Рунар Мар Сигурьонссенмен келісімге келгенін қуана хабарлады.


Исландия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы соңғы рет "ЧФР Клуж" командасы сапында өнер көрсеткен болатын. Румындық ұжыммен Рунар ішкі біріншілікті екі рет жеңген еді. 


Еске салайық, ірі денелі футболшы елордалық клубта 2019 жылдан бастап, 2021 жылға дейін доп тепті. "Астанамен" ол ҚПЛ жеңімпазы атанды. Ал 2020 жылы қола жүлдеге қанағат етті. Қазақстандық клуб үшін Сигурьонссен жалпы алғанда 40 ойын өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×