«Астананың» ең қымбат ойыншысы бір айға қатардан шығып қалды

30.04.2022, 17:15
Футболшы алаңға маусым айында оралады деп күтілуде.
«Астананың» ең қымбат ойыншысы бір айға қатардан шығып қалды

«Астананың» вингері Мохаммед Камара алдағы матчтарда өз командасына көмектесе алмайды.

Нақтырақ айтсақ, Камара маусым айында ғана алаңға оралуы мүмкін. Шабуылшы қазір емделіп жатыр және мамыр айындағы барлық матчтарды жіберіп алу қаупі бар. Осылайша ол ұлттық құрама матчтарына арналған үзілістен кейін ғана алаңға шығады.

«Астана» Түркияның «Хатайспорынан» жалға алған либериялық вингерді Transfermarkt порталы 2,4 миллион еуроға бағалаған. Ол ҚПЛ-дағы ең қымбат ойыншы болып саналады.

Биылғы маусымда Камара Қазақстан чемпионатында бір ғана ойын өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×