«Астананың» келесі матчын жанкүйерлер стадионнан тамашалай алады

13.05.2021, 04:48
Елордалық жанкүйерлер осы маусымда алғаш рет өз командасына қолдау көрсетпек.
«Астананың» келесі матчын жанкүйерлер стадионнан тамашалай алады

Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің (30 сәуірдегі №18), сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, стадион 20%-ға толған кезде Қазақстан чемпионатының матчтарына жанкүйерлердің қатысуына рұқсат етілген.

Жанкүйерлердің қатысуымен өтетін алғашқы матчқа орай «Астана» - «Жетісу» ойынына кіру тегін болады, бірақ көрерменде ASHYQ қосымшасында белгіленген мәртебе болуы керек

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің матчтарға қатысуы ата-аналардың жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Стадионда жанкүйерлерді отырғызу әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, билеттер бойынша, сондай-ақ міндетті түрде медициналық маска кию арқылы жүргізіледі.

Стадионға кіру кезінде міндетті түрде өзімен бірге жеке куәлік, сондай-ақ ASHYQ қосымшасы болуы тиіс.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×