Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, елордалық «Астана» «Каспийдің» қақпашысы Марко Милошевичпен мәміле жасасты.
Ақтаулық клуб тәжірибелі ойыншыға жаңа келісімшарт ұсынғанымен, футболшы бұрынғы командасымен қоштасып үлгерді.
Соңғы екі маусымда Милошевич «Каспийдің» намысын қорғады, ақтаулық клуб сапында «Астананың» қазіргі бас бапкері Срджан Благоевичпен бірге жұмыс істеді.
Тағы бір қақпашы Александр Заруцкий де «Астанада» өнер көрсетуін жалғастыра бермек.
Біздің серіктес: FONBET