«Астананың» көшбасшы ойыншылары коронавирус жұқтырды

01.09.2021, 20:32
Олардың ішінде Қазақстан құрамасының ойыншысы да бар.
«Астананың» көшбасшы ойыншылары коронавирус жұқтырды

Елордалық клубтың төрт бірдей футболшысы бірден коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды "Тень отца Гурмана" телеграм арнасы.

Дереккөздің хабарлауынша, Марин Томасов, Антонио Рукавина, Энео Битри және Абзал Бейсебековтен COVID-19 вирусының белгілері табылды.

Барлық легионерлер өз елдерінде карантинде жатыр. Олар тіпті Қазақстан чемпионаты қайта басталғанға дейін Қазақстанға келе алмауы мүмкін. Ал Бейсебеков өз кезегінде Қазақстан құрамасының Украина, Финляндия, сондай-ақ Босния мен Герцеговинаға қарсы матчтарына қатыса алмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×