“Астананың” қымбат легионері командадан кетеді – Ауаға ұшқан 7.7 миллион теңге

30.12.2025, 16:40

Елордалық "Астананың" Нигериялық шабуылшысы Ннамди Аханону қысқы үзіліс кезінде команда сапынан біржолата кетеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Астананың” қымбат легионері командадан кетеді – Ауаға ұшқан 7.7 миллион теңге

23 жастағы футболшының Қазақстандағы мансабы сәтсіздіктер мен түсініспеушіліктерге толы болды.

Алаңда өткен 6 минут және трансферлік кедергілер

Өткен маусымда Аханону "Астана" жейдесімен небәрі 6 минут қана ойнап үлгерді. Команданың негізгі құрамына іліге алмаған соң, клуб басшылығы оны Петропавлдың "Қызылжарына” жалға бермек болған. Алайда, федерация тарапынан Петропавлдық клубқа салынған трансферлік бан (ойыншы тіркеуге тыйым салу) кесірінен бұл ауысу жүзеге аспай қалды.

Кейіннен оны "Жетісу” мен "Оқжетпес” секілді ұжымдар өз қатарына қосуды қарастырған. Бірақ ойыншының талап еткен жалақысы бұл клубтардың бюджетіне ауырлық еткендіктен, олар да Нигериялықтан бас тартқан.

Жоғары жалақы және ойын практикасының жоқтығы

Vesti.kz сайтының мәліметінше, Аханонудың "Астанадағы” айлық табысы шамамен 15 мың долларды (7,7 миллион теңгеден астам) құрайды. Осындай қомақты жалақы алғанына қарамастан, шабуылшы соңғы уақытта ресми матчтарға қатыспаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 4
Серіктес жаңалықтары
×