«Астананың» жартылай қорғаушысы Барнс Осей елордалық клубтың чемпионаттағы мақсаты мен ертең «Ордабасымен» болатын ойынға дайындығы жайлы айтты.
«Біздегідей тығыз кестеде ойнау оңай емес, алайда мұны да еңсереміз деп ойлаймын. Қазіргі кезде біздің құрамымыз толығып жарақат алғандардың барлығы айықты. Қатарға оралғандардың көмегімен алдағы міндеттерді орындаймыз. Біз тек қана жеңіс үшін ойнаймыз және бұл жексенбілік матчқа ғана қатысты емес. Команда атынан осы маусым барысында өте көп ұпай жоғалтқанымызды айта аламын. Енді біз солардың орнын толтырып, чемпионат соңында нәтижесін көруіміз керек», - деді Барнс Осей.
«Астана» премьер-лигада 16 кездесу өткізіп 27 ұпай жинады. Григорий Бабаянның командасы турнирлік кестенің бесінші орнына жайғасқан. Елордалық ұжым ертең сырт алаңда «Ордабасымен» жолығады. ҚПЛ-де 20 турдан кейін көш басында «Ақтөбе» мен «Елімай» тұр. Қос команда қоржынында 34 ұпайдан.
Біздің серіктес: FONBET