«Астананың» премьер-лигадағы нақты мақсаты белгілі болды

17.10.2024, 17:29

«Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян командасының премьер-лигадағы міндеттері мен мақсаттары жайлы бөлісті.

«Астананың» премьер-лигадағы нақты мақсаты белгілі болды
Марин Томасов

«Клуб басшылығының тарапынан қойылып отырған міндет – үздік үштіктің қатарына кіріп, келер маусымда Еурокубок ойындарында өнер көрсету. Алайда өз ішімізде, бапкерлік құрам мен футболшылар бірінші орын алғымыз келеді. Мүмкіндік бар кезде сол үшін күресетін боламыз. Титулды Астанаға қайтаруға күш саламыз. Сондай-ақ, әрине UEFA Конференциялар Лигасында сәтті ойнап, Қазақстан намысын халықаралық дәрежеде абыроймен қорғауды ойлаймыз», - деді елордалық ұжымның бапкері.

Айта кетейік, «Астана» ҚПЛ-дің турнирлік кестесінде 5-сатыға жайғасуда. Елордалық клуб 19 матчтан кейін отыз төрт ұпай жинаған. Айта кетейік, елордалық клуб Конференциялар Лигасының негізгі кезеңінің екінші турында сырт алаңда Уэльстің «ТНС» командасымен ойнайды. Бұл матч 24-қазанға жоспарланған. Әзірше «Астана» негізгі кезеңдегі 36 клубтың арасында он төртінші сатыға жайғасқан. Еске саламыз, турнирдің 1/8 финалына алғашқы сегіз орын иегері тікелей шықса, 9-24 орын аралығынан көрінген командалар плей-оф жолдамасы үшін өтпелі кездесулерде өзара таласатын болады.         

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×