"Астана" футбол клубының қарсыластарының есімдері белгілі. Елордалық ұжым биыл Чемпиондар Лигасында өнер көрсетеді. Екінші іріктеу кезеңінің жеребесі 22-маусым күніне жоспарланған. Тура осы уақытта 17-қарсыластың 16-сының есімдері белгілі. Олар "Стяуа" (Румыния), "Маккаби" (Тель-Авив, Израиль), АПОЭЛ (Кипр), "Селтик" (Шотландия), БАТЭ (Беларусь), "Лудогорец" (Болгария), "Динамо" (Загреб, Хорватия), "Марибор" (Словения), "Партизан" (Сербия), "Мальме" (Швеция), "Карабах" (Әзірбайжан), ХИК (Финляндия), "Мольде" (Норвегия), "Видеотон" (Венгрия), "Мидтъюлланн" (Дания) және "Скендербеу" (Албания). Ал соңғы 17-қарсыластың есімі 7-маусым күні анықталады. Өйткені, Польша чемпионының есімі сол күні белгілі болады. Әзірге, чемпиондыққа "Лех" пен "Легия" командалары таласып келеді.