
Ннамди Аханону
Елордалық клубтың нигериялық сұрмергені Ннамди Аханону «Астанадан» кететін болыпты.
Бірақ бізге белгілі болғандай, әзірге Көкшетауға жалға беріледі. Кейін нигериялық футболшының мансабына байланысты басқа нұсқалары қарастырылатын көрінеді.
Ннамди Аханону «Астана» намысын былтыр сәуірден бері қорғап келеді. Былтыр ҚПЛ-де елордалықтар сапында өткізген 13 ойында 1 рет мергендік танытты. Сондай-ақ, футболшының мансабында албаниялық «Скендербеу», «Турбина» сынды ұжымдар болған. Ннамди Аханонудың трансферлік құны 200 мың еуро.
«Оқжетпес» ҚПЛ-2025-тің үш турынан кейін 4 ұпаймен алтыншы орынға жайғасқан. Ал «Астана» 7 ұпаймен үздік үштікті түйіндеуде.
Біздің серіктес: FONBET