«Астананың» шабуылшысы сербиялық клубпен болатын ойын туралы: алдағы бәсекеде тек қана жеңіс үшін ойнаймыз

03.10.2024, 09:47

«Астананың» шабуылшысы Рамазан Кәрімов өз командасының Конференция Лигасындағы бірінші турға дайындығы мен мақсаттары жайлы айтты.

«Астананың» шабуылшысы сербиялық клубпен болатын ойын туралы: алдағы бәсекеде тек қана жеңіс үшін ойнаймыз
Рамазан Кәрімов "Астана" сапындағы голын тойлауда

Сондай-ақ, елордалық ұжымның өкілі «Астананың» алғашқы қарсыласы «Бачка-Топола» туралы да ойын ортаға салған болатын.

«Командамыз ертеңгі ойынға дайын, тек қана жеңіс үшін ойнайтын боламыз. «Браннға» салған голым тарихқа айналды, қазір мен үшін бірінші кезекте клубтың міндеттері маңыздырақ. Кімнің басым екеніне баға беру біздің шаруа емес, бұл БАҚ-тың шаруасы. Ал біздің мақсатымыз алаңға шығып, өз жұмысымызды істеу. Алдағы бәсекеде тек қана жеңіс үшін ойнаймыз», - деген еді Р. Кәрімов.

Айта кетейік, «Астана» - «ТСЦ Бачка-Топола» матчы бүгін кешкі 21:35-те басталады. Кездесу Алматының Орталық алаңында өтеді. Бәсекені жанкүйерлер «Qazsport» арнасының тікелей эфирінен тамашалай алады.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×