Елордалық "Астананың" ойыншысы Джеффри Чинеду Қазақстан чемпионатымен қоштаспақ, деп хабарлайды Aladop.kz.
Нигериялық гол машинасын Ресей Премьер лигасының клубы иемденeтін болды.
Трансфер құны қанша?
Самаралық "Крылья Советов” пен "Астана” басшылығы футболшының ауысуына қатысты ортақ мәмілеге келді. Соңғы деректерге сүйенсек:
• Трансфер құны шамамен 50 миллион рубльді құрайды.
• Бұндай төмендеу бағаның себебі — Чинедудың елордалық клубпен келісімшарты 2026 жылдың маусымында аяқталуы тиіс. "Астана” футболшыны тегін жіберіп алмас үшін қазір сатуды жөн көрген.
Ұзақ мерзімді келісімшарт
Нигериялық шабуылшы өткен аптада өзіне жіберілген ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойып үлгерген. Самаралық клуб Чинедуды команданың шабуыл шебін күшейтетін басты фигура ретінде көріп отыр.