«Астананың» жартылай қорғаушысы Тимур Досмағамбетов бүгін Конференциялар Лигасының негізгі кезеңінің екінші турындағы уэльстің «Нью-Сейнтс» командасымен болатын бәсеке жайлы ойын айтты.
«Ертең жасыл алаңға шығатындардың тиімді нәтижеге жету үшін барын салатынын сеніммен айта аламын. Біз бұл жерге Қазақстаннан алыс жол жүріп жеттік. Бүгінгі матчтың алдында бірнеше жаттығу жасадық және ойынға дайынбыз деп ойлаймын», - деді «Астананың» жартылай қорғаушысы.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана» Конференциялар Лигасының негізгі кезеңінде бір кездесу өткізіп, үш ұпай олжалаған болатын. Григорий Бабаянның командасы Алматыда сербияның «ТСЦ» клубымен жолығып, 1:0-мен жеңіске жеткен. Енді қазақстандық команда турнирдің негізгі кезеңінде «Челсимен», кипрлік «Апоэл», «Пафоспен», португалиялық «Виториямен» шеберлік байқаспақ.
Біздің серіктес: FONBET