"Астананың" жаңадан келген шабуылшысы Пиерос Сотириу Қазақстаннан кетті. Инстаграмдағы парақшасында шабуылшы үйдегі мерекеде түскен бейнесімен бөлісті.
Жақын адамдар шеңберіндегі мерекеде Кипрлік шабуылшы өзнің тағыда сәбилі болатынын білді.
Айта кетейік, Сотириу Қазақстан чемпионатының қайта басталуы кейінге шегерілген жағдайда «Астанадан» кетуі мүмкін деген ақпарат тараған еді. Кипрдің «Омония» клубы «Астанадан» Сотириуды жалға алып, жалақысының жартысын төлеуге дайын екен.
Естеріңізге сала кетейік, кеше, 29 шілдеде, Қазақстанда карантиндік шаралардың қолданылу мерзімін ұзартылатыны белгілі болды. Сонымен қатар, Сотириу бұған дейін өз клубымен бірге Алматыға аттанған болатын, онда күтілгендей, маусым басталмады.
Кипрлік шабуылшы "Астанаға" Данияның "Копенгаген" клубынан 2020 жылдың қысында ауысып келді. Оның ауысуы үшін клуб 1,5 миллион евро төледі.
Біздің серіктес: FONBET