Иван Маевский словениялық “Целе” ұжымының тізгінін ұстауы әбден мүмкін.
Түрлі БАҚ өкілдері Словения Кубогының екі дүркін жеңімпазы Альберт Риераның қызметтен кетуі жайында ақпарат таратуда. Бұл дегеніміз “Целені” уақытша болсын тізгінде Иван Маевский басқарады деген сөз. 2022 жылдан бері словениялық клуб құрылымында қызмет жасаған беларус 3 бапкердің ассистенті болған.
Жалпы Маевскидің өзі қазақ футболы жанкүйерлері үшін бөтең адам емес. Ол 2017 мен 2020 жылдар аралығында елордалық “Астана” сапында 144 матч өткізіп, 8 гол мен 9 голдық пас берді. Қазақстандық командамен жартылай қорғаушы 3 рет ел чемпиондығын тойлады.
Айтпақшы, бүгінгі таңдағы “Целенің” негізгі бапкері Альберт Риера “Айнтрахт” командасына кетуге жақын екен. Испан маманы қызмет орнын ауыстыруға да қарсы еместі. Алайда ол үшін неміс ұжымы бапкердің аяқталмаған келісім шарты үшін 5 млн еуро өтемақы төлеуі тиіс.