Шымкенттің "Ордабасы" сапында жалдау шартымен өнер көрсеткен Эльхан Астанов жақын арада елордалық клубқа қайта оралады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Келісім бойынша, 25 жасар Астанов осы аптаның соңында Астанаға келеді деп күтілуде. Ол елордалық ұжыммен бірге оқу-жаттығу жиындарына қатысып, маусым алдындағы дайындықты бастайды.
Ойыншының алдағы тағдыры осы жиын барысында шешіледі. Клуб басшылығы мен бапкерлер штабы Эльханның физикалық бабы мен ойын өрнегіне қарап, оны негізгі құрамда қалдыру немесе қайтадан басқа клубқа жалға беру туралы соңғы шешімді қабылдайды.