«Астон Вилла» бас бапкерін қызметінен босатты

08.11.2021, 01:06
Бирмингемдік клуб қазір 17-орында тұр.
«Астон Вилла» бас бапкерін қызметінен босатты

"Астон Вилланы" баптаған 50 жастағы англиялық маман Дин Смит қызметінен босатылды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Клубтың бас директоры Кристиан Перслоу Смиттің жұмыстан шығуына қатысты түсініктеме берді.

"Өткен маусымды жақсы бастағаннан кейін биыл біз барлығы күткен нәтижелер мен әдемі ойынды көре алмадық. Осы себепті біз жаңа бас бапкерге жағдайды түзетуге уақыт беру үшін қазірден бастап өзгерістер енгізуді жөн көрдік.

Клуб Динге алаңдағы және оның сыртындағы көптеген тамаша жетістіктері үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Ол клубты жақсы жағынан көрсетті - оны "Астон Вилламен" байланысты барлық адамдар - қызметкерлер, ойыншылар және жанкүйерлер жақсы көрді және құрметтеді. Біз оған бар жақсылықты тілейміз", - деді Перслоу.

Смит "Астон Вилла" клубын 2018 жылдан бері жаттықтырды. Маманның клубпен келісім-шарты 2023 жылдың маусымына дейін есептелген еді.

Айта кетейік, бирмингемдік клуб 11 турда 10 ғана ұпай (3 жеңіс, 1 тең ойын) жинап, турнирлік кестеде 17-орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×