«Астон Вилла» «Барселонамен» жартылай қорғаушы Филиппе Коутиньоның келісім-шартын сатып алу туралы мәмілеге келді. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо мәлімдеді.
Дереккөздің айтуынша, 29 жастағы бразилиялық футболшы бирмингемдік клубта қалғысы келеді. «Астон Вилла» «Барселонаға» Коутиньо үшін небәрі 20 миллион еуро төлейді. Келешекте англиялық клуб Филиппені басқа командаға сататын болса, трансфер сомасының жартысын каталондық клуб алатын болады.
Еске салайық, Коутиньо 2018 жылдың қаңтарында «Ливерпульден» «Барселонаға» 135 миллион еуроға ауысқан еді. Бразилиялық жартылай қорғаушы испания клубтың жейдесінде 106 матчқа қатысып, 25 гол мен 14 нәтижелі пасты өз атына жазды.
Коутиньоны қаңтар айында «Астон Вилла» жалға алған болатын. Содан бері футболшы 16 матч өткізіп, 4 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET