Спорт журналисі жаңа қызметке тағайындалды

Ермұхамед Мәулен - “Ордабасы” футбол клубы президентінің кеңесшісі жұмысын атқаратын болды. 

Спорт журналисі жаңа қызметке тағайындалды

Танымал комментатор Ермұхамед Мәулен біраз жылдар бойы қазақ футболына қызмет атқарып келді. Ол Еңбек жолын 2007 жылы республикалық басылымдарда спорт журналисі ретінде бастаған. 

2014 жылы Бразилияда өткен футболдан әлем чемпионатында отандық телеарна тікелей эфирінен матч жүргізіп, тарихта алғаш рет шетелден репортаж жасаған қазақстандық комментатор болды.

Ермұхамед Мәулен ел футболының қыр сырымен жақсы таныс азамат. Оның “Ордабасыға” қызметке орналасуы Шымкент командасының медиа және спорттық кеңістікте кең танымалдыққа ие болуына жол ашады. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×