"Аталанта" бас бапкер Иван Юричпен жолдарын ажыратуға дайын. Клуб өкілдері бапкерге қызметтен босатылатынын алдын ала хабарлаған, енді тек әкімшілік рәсімдері аяқталған соң ресми мәлімдеме жасалады.
2024 жылдың қарашасында Юричті "Рома" қызметінен босатып, оның орнына Клаудио Раньери келген еді. Биыл да дәл сол мерзімде жағдай қайталанып отыр — команданың нәтижесіз ойыны бапкердің кетуіне негіз болды.
"Аталанта” қазір Раффаэле Палладиноны бас бапкер қызметіне шақыру бойынша келіссөздердің соңғы кезеңінде. Келісімшарт 2027 жылдың маусымына дейін жасалмақ. Тараптар қосымша шарттар мен ұсақ келісімдер бойынша түсіністікке келіп жатыр, және бәрі алдағы сағаттарда аяқталады деп күтілуде.
Клуб иелері — Перкасси әулеті Роберто Манчиниді жоғары бағалайды. Дегенмен, Италиялық танымал маман нақты кандидат ретінде қарастырылмаған.
Маусым басталғалы "Аталантаның” ойыны көңіл көншітпей келеді. Команда Серия А-да бар-жоғы екі рет ғана жеңіске жетті. Жаңа бапкердің келуі жаңа тыныс береді деген үміт бар, әсіресе жазғы трансфер Никола Крстовичтен күткен нәтиже әзірге көрінбей тұр. Юричтің кетуіне ең қатты әсер еткен — өткен аптадағы "Марсель” және "Сассуоло” командаларына қарсы екі жеңіліс. Әсіресе "Сассуолоға” өз алаңында 0:3 есебімен ұтылу шешуші фактор болды.