«Аталанта» «Сассуолоның» жартылай қорғаушысымен келісімге келді

02.12.2021, 20:49
Енді клубпен келісімге келуі керек.
«Аталанта» «Сассуолоның» жартылай қорғаушысымен келісімге келді

Бергамолық «Аталанта» «Сассуолоның» жартылай қорғаушысы Джереми Богамен трансфер туралы нақты мәмілеге келді.

Енді «Аталанта» Кот-д'Ивуарлық футболшының трансферлік құны бойынша «Сассуоломен» келісуі керек, деп жазды италиялық журналист Николо Шира Twitter-де.

Джереми Бога «Сассуоло» сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Бұған дейін италиялық клубтың бұл ойыншыны 20 миллион еуроға жіберетіні хабарланған болатын.

Осы маусымда Бога «Сассуоло» сапында А сериясының 8 матчына қатысты. Турнир кестесінде оның командасы 19 ұпай жинап, 11-орында тұр. «Аталанта» 15 матчтан кейін 31 ұпаймен төртінші орынға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×