Атақты спортшылар 100 метрлікте бақ сынасты

26.12.2022, 22:02
Атақты спортшылар 100 метрлікте бақ сынасты


Маrca басылымы қазіргі кезде атағы аспандап тұрған спортшыларды жүгіріп жарыстырды.


Ол үшін басылым 100 метрлік жолағы бар модель жасап шықты. Жасалған модельде Усей Болт, Киллиан Мбаппе, Эрлинг Холланд, Новак Джокович, Рассел Уэстбрук, Джон Лому және Тайрик Хилл бақ сынасты.


Модельдеу қорытындысы бойынша Усейн Болт жоғарыда аталғандарды басып озды. Оның артынан Киллиан Мбаппе келді. Ол Болттан 1,02 секундқа қалып қойды. Одан кейін, Америка футболының өкілі Лому келді. Эрлинг Холланд 11,06 көрсеткішімен Новак Джоковичтен қалды. Спортшылар арасындағы ең жайбасар баскетболшы Уэстбрук атанған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×