
Футбол – бұл жай ғана ойын емес. Бұл – арман, еңбек, жанкештілік пен табандылықтың символы. Бүгінде көптеген жас спортшылар үлкен футболға қадам басуды армандайды. Ал енді бұл арманды жүзеге асыру үшін нақты мүмкіндік туып отыр.
Испаниялық “Атлетико Мадррд" клубының Қазақстандағы ресми академиясы – "Atlético de Madrid Kazakhstan" – іріктеу кезеңін бастайды. Бұл іріктеулер Қазақстан мен Өзбекстанның бес ірі қаласында өтеді. Жас футболшылар өз қабілеттерін дәлелдеп, академияға қабылдану мүмкіндігіне ие болмақ.
Іріктеу өтетін қалалар мен мерзімдер:
Астана – 10-11 мамыр
Ақтау – 31 мамыр – 1 маусым
Шымкент – 17-18 маусым
Ташкент – 21-22 маусым
Алматы – 28-29 маусым
Іріктеуге қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Қатысушылар atleticomadrid.kz ресми сайтындағы "Іріктеулер" бөлімінде немесе Instagram парақшасындағы профильдегі сілтеме арқылы тіркеле алады.
Atlético de Madrid Kazakhstan академиясы – әлемге әйгілі испан клубының әдістемесі бойынша жұмыс істейтін кәсіби орталық. Мұнда жаттығулар еуропалық стандарттарға сай өткізіледі. Бапкерлер құрамына кәсіби деңгейдегі мамандар кіреді. Академия шәкірттері халықаралық жарыстарға қатысып, кәсіби клубтардың назарына ілігу мүмкіндігіне ие.
Бұл – футболға шын берілген, дамуға дайын, алға ұмтылатын жастар үшін үлкен мүмкіншілік. Академия қабырғасында тәрбиеленген әр ойыншының болашағы жарқын, армандары шынайы болмақ.
Үлкен футболға қадам осы жерден басталады. Арманыңды кейінге қалдырма – тіркел де, өз дарыныңды дәлелде!
Atlético de Madrid Kazakhstan – арманға бастар алғашқы қадам!
Біздің серіктес: FONBET