Испанияның "Атлетик Бильбао" клубының қорғаушысы Ерай Альварес УЕФА тарапынан ауыр жазаға тартылды. Ол мамыр айында "Манчестер Юнайтедке" қарсы өткен матчтан кейін тапсырған допинг сынамасында ережебұзушылық анықталып, футболшыға 10 айлық дисквалификация тағайындалды.
Альвареске қатысты шешімді ресми түрде УЕФА бекітті. Бұл кезеңде ол тек Еуропа додаларынан ғана емес, жалпы ресми ойындардың барлығынан шеттетілмек. Осылайша, "Атлетик” негізгі қорғаушыларының бірін ұзақ уақытқа жоғалтты.