«Атлетик» Бильбао - «Славия» Прага кездесуіне болжам

24.10.2024, 17:36

Бүгін Еуропа Лигасындағы тартысты ойынның бірінде басктер командасы чехиялық «Славияны» қабылдайды.

«Атлетик» Бильбао - «Славия» Прага кездесуіне болжам
"Славия" футболшылары голдарын тойлауда

Екі турдан кейін екі ұжым да бір жеңіс, бір тең ойынмен 4 ұпайдан қанжығаларына байлаған. «Атлетик» «Ромамен» 1:1 ойнаған соң, өз алаңында «АЗ Алкмаарды» 2:0-мен жеңді. Ал «Славия» бірінші турда сырт алаңда сенімді түрде «Лудогорецті» ұтып (0:2), «Аякспен» ұпай бөліскен еді (1:1). Қос клубтың өз біріншіліктеріндегі аяқ-алыстары тәуір. Басктер Примерада бесінші сатыға жайғасса, прагалықтар 11-турдан кейін сенімді түрде көш бастауда.

«Атлетик» соңғы турда «Эспаньолды» тас-талқан етті (4:1). Жалпы соңғы бес ойынның екеуінде жеңіске жеткен. Сол бес бәсекеде басктер қарсыластар қақпасына 9 гол соғып, 5 доп жіберіп алған екен. Прагалықтардың да бұл көрсеткіштер бойынша нәтижесі жоғары деуге болады. Мысалы, «Славия» соңғы 11 ойында 24 гол соғып, өз қақпасына 3-ақ доп жіберді.

Бұл матчқа біздің ұсынатын болжамымыз мынадай - «Атлетик» Бильбао - «Славия» Прага матчында 3 голдан артық доп соғылады. Қос команда да гол соғуды жақсы көреді және бүгінгі бәсекеде аянып қалмауы тиіс. Басктер өз алаңында нәтижелілігімен ерекшеленеді. «Славияның» да жауапсыз қалмасы анық. Біздің серіктес «Фонбет.кз» матчта 3 голдан артық салынады деген нұсқаға 2.70 коэфициент ұсынуда.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×