«Атлетик Бильбао» жаңа бас бапкер тағайындады

04.01.2021, 20:43
Марселино жаңа клубтағы алғашқы матчын «Барселонаға» қарсы өткізеді.
«Атлетик Бильбао» жаңа бас бапкер тағайындады

"Атлетик Бильбао" клубын "Валенсияның" бұрынғы бас бапкері Марселино Тораль жаттықтырады, деп хабарлады клубтың ресми сайты.

55 жастағы маман 2022 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа отырған. Марселино "Валенсиядан" 2019 жылдың қыркүйегінде клуб президенті Питер Лиммен болған жанжалға байланысты кеткен болатын. "Валенсияға" дейін маман "Вильярреал", "Севилья", "Расинг", "Сарагоса", "Рекреативо" және "Спортинг Хихон" клубтарын баптады.

"Атлетик" клубы қазіргі уақытта Ла Лиганың турнирлік кестесінде 21 ұпаймен тоғызыншы орында тұр. Келесі турда "Барселонамен" ойнайды. Бұған дейін "Атлетик" Гаиски Гаританоның бас бапкер қызметінен босатылатыны туралы хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×