“Атлетико” “Барселонаның” жартылай қорғаушысына қызығушылық танытyда

03.08.2025, 19:35

Мадридтік "Атлетико" "Барселонаның" 21 жастағы жартылай қорғаушысы Марк Касадоға жіті назар аударып отыр. Sport.es мәліметінше, бұл футболшының ойыны Диего Симеонеге ұнайды.

“Атлетико” “Барселонаның” жартылай қорғаушысына қызығушылық танытyда

Ақпарат көзінің хабарлауынша, Каталондық клуб Испаниялық футболшыны 30 миллион еуро деп бағалап отыр. Алайда Касадоның өзі командадан кеткісі жоқ және негізгі құрам үшін күресуді көздейді.

Бұған дейінгі ақпараттарға сәйкес, "Барселона” Марк Касадоны сатып, Маркус Рэшфордты ресми тіркеу мүмкіндігін қарастыруда.

Өткен маусымда Касадо барлық турнирлерде 36 матчқа қатысып, 1 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген. Оның клубпен жасасқан қазіргі келісімі 2028 жылдың жазына дейін жарамды.

Transfermarkt порталы футболшының нарықтағы құнын 30 миллион еуро деп көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×