«Ювентус» шабуылшысы Пауло Дибала еркін агент ретінде «Интерге» қосылса, «Атлетико Мадрид» аргентиналық шабуылшы Лаутаро Мартинесті сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы La Repubblica басылымы хабарлайды.
Дереккөздің хабарлауынша, Лаутароға мадридтік клубтың бас бапкері Диего Симеоне қызығушылық танытып отыр.
24 жастағы Мартинес осы маусымда 39 ойында 16 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Оның «Интермен» келісім-шарт мерзімі 2026 жылы аяқталады. Transfermarkt порталы аргентиналық ойыншының нарықтық құнын 70 миллион еуроға бағалап отыр.
Бұған дейін «Ювентустың» Дибаламен келісім-шартты ұзартпайтыны белгілі болған еді. Сондықтан шабуылшы маусым соңында туриндік клубтан еркін агент ретінде кете алады.
Біздің серіктес: FONBET