«Атлетико Мадрид» италиялық футболшыға көз тікті

02.07.2022, 17:56
Футболшы күні кеше еркін агент атанды.
«Атлетико Мадрид» италиялық футболшыға көз тікті

«Ювентустан» келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты кеткен 28 жастағы италиялық жартылай қорғаушы Федерико Бернардески «Атлетико Мадрид» клубының назарына ілікті, деп хабарлайды Goal.

Дереккөздің айтуынша, «Атлетико» өкілдері ойыншының агентімен байланысқа шығып, келіссөздер жүргізген.

Бұған дейін Бернардескиге «Наполи» қызығушылық танытқан еді, олар футболшыға жылдық жалақысы 2,5 миллион еуроны құрайтын келісім-шарт ұсынған, алайда ойыншы 3 миллион еуро талап еткен.

Бернардески өткен маусымда «Ювентус» үшін 36 ойында 2 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. 2017 жылы туриндік клуб оны «Фиорентинадан» 35 миллион еуроға сатып алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×