«Атлетико Мадрид» Триппьердің орнына даниялық футболшыны алды

27.01.2022, 16:05
Трансфер құны небәрі 2,7 миллион еуроны құрамақ.
«Атлетико Мадрид» Триппьердің орнына даниялық футболшыны алды

«Валенсия» сапында ойнайтын Дания құрамасының 32 жастағы қорғаушысы Даниэль Васс жақында «Атлетико Мадрид» клубының ойыншысы атанады.

Журналист Фабрицио Романоның айтуынша, келісім-шарт 2023 жылдың 30 маусымына дейін жасалады. Ал трансфер құны 2,7 миллион еуроны құрамақ. Васс жазда еркін агент атанады, бірақ Триппьерді «Ньюкаслға» сатқан «Атлетико» көп күткісі келмейді.

Осы маусымда Даниэль Васс Ла Лигада он тоғыз матчқа қатысып, бір гол соқты және бір нәтижелі пас берді.

Васс 2018 жылы 10 шілдеде «Севильядан» «Валенсияға» ауысқан еді. Transfermarkt порталы даниялық қорғаушыны 6 миллион еуроға бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×