«Атлетико» мен «Бенфика» Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

16.03.2022, 14:23
Қос команда да сырт алаңда 1:0 есебін тіркеді.
«Атлетико» мен «Бенфика» Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы жауапты ойында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Атлетико Мадридті» қабылдады. Кездесу Манчестердегі (Англия) «Олд Траффорд» стадионында өтіп, 1:0 есебімен испаниялық команданың пайдасына аяқталды.

Кездесудің 41-минутында жалғыз әрі жеңісті голды «Атлетико» қорғаушысы Ренан Лоди соқты. Мадридтік команданың жартылай қорғаушысы Коке матчтың үздік ойыншысы деп танылды.

Командалардың алғашқы кездесуі 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Осылайша, «Атлетико» Чемпиондар лигасының 1/4 финалына шықты, ал «Манчестер Юнайтед» турнирдегі жорығын аяқтады.

Ал параллель өткен ойында «Аякс» пен «Бенфика» командалары күш сынасты. Ойын Амстердамдағы (Нидерланды) Йохан Кройфф Аренада өтіп, 1:0 есебімен лиссабондық клубтың пайдасына шешілді.

Ойын тағдырын 77-минутта соғылған Дарвин Нуньестің голы шешіп кетті.

Естеріңізде болса, қос команда арасындағы алғашқы матчта 2:2 есебі тіркелген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×