«Атлетико» қос ойыншымен қоштасты

16.05.2022, 23:48
Луис Суарес мансабын Еуропада жалғастыруды көздеп отыр.
«Атлетико» қос ойыншымен қоштасты

Уругвайлық шабуылшы Луис Суарес осы маусымның соңында «Атлетико Мадридтен» кетеді, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Суарес кеше «Атлетико» жейдесіндегі соңғы ойындарының бірін өткізді. Оның командасы Ла Лиганың 37-ші турында «Севильямен» тең ойнады (1:1). «Ванда Метрополитано» стадионында өткен қоштасу матчында Луис гол соға алмады.

Уругвайлық шабуылшының мадридтік клубпен келісім-шарты 2022 жылдың маусымында аяқталады. Суарес осы маусымда «Атлетико» үшін барлық турнирлерде 43 ойынға қатысып, 13 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанды.

Фабрицио Романо келтірген мәліметке сенсек, 36 жастағы шабуылшы мансабын МЛС-те емес, Еуропада жалғастырғысы келеді. Суарес «Барселонадан» ұсыныс түскен жағдайда, жалақысын қысқартуға дайын.

Сондай-ақ мадридтік клуб 2019 жылдың шілдесінен бері ойнап жүрген Эктор Эррераның да кететінін хабарлады. Биылғы маусымда ол 26 ойынға қатысып, нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді. 32 жастағы мексикалық жартылай қорғаушы мансабын америкалық «Хьюстонда» жалғастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×