«Атлетиконың» Дани Ольмоны сатып алуына не кедергі?

27.12.2019, 04:43
«Атлетиконың» Дани Ольмоны сатып алуына не кедергі?

Загребтің «Динамосында» өнер көрсететін Дани Ольмо қысқы трансферлік кезеңде клуб ауыстыруы мүмкін. Қазір қорғаушыны Еуропаның бірнеше ұжымы сатып алуға дайын көрінеді. 21 жастағы футболшы өткен жылы клуб ауыстырғысы келгенін, алайда тиімді ұсыныс түспегенін айтты. Бірақ «Динамо» Чемпиондар лигасындағы жорығын тоқтатқаннан соң Хорватиядан қоныс аударуға дайын екен.
Негізі өткен жаз басқа клубқа ауысатын оңтайлы сәт еді. Дегенмен сәті түспеді. Өзімді Чемпиондар лигасында ойнайтыныммен жұбаттым. Қазір Хорватиядан кететін уақыт келді деп есептеймін. Карьерамда өзгеріс жасағым келеді. Не десем де «Динамодан» кету оңайға соқпайын деп тұр. Өйткені, клуб басшылығы мені сату арқылы ел футболы тарихындағы ең қымбат трансферді жүзеге асыруға тырысады. Ондай ұсыныс түсті ме, түспеді ме білмедім»,-дейді испаниялық ойыншы Jugones порталына берген сұхбатында.

Ал AS газетінің хабарлауынша, Мадридтің «Атлетикосы» қорғаушыны сатып алудан дәмелі. Тіпті, қорғаушыны сатып алуды бас бапкер Диего Симеоненің өзі қалайтын көрінеді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×