Қазақстан Премьер-Лигасының 17-турында Петропавлда өткен матчта жергілікті «Қызылжар» өз алаңында «Атырауды» қабылдады.
Кездесу басталғаннан-ақ алаң иелері қарсыласын қатты қысымға алды. Бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, қонақтардың қақпашысы Егор Хаткевич сенімді ойнап, өз қақпасын голдан аман сақтап қалды. Ал 18-минутта Ян Труфанов есеп ашып, «Атырауды» алға шығарды.
Екінші таймда атыраулықтар қорғаныста сауатты ойнап, қарсыласқа гол соғуға мүмкіндік бермеді. Осылайша, олар күтпеген жеңіске жетіп, турнирдегі алғашқы 3 ұпайын 17 матчтан кейін еншіледі.
Қазіргі таңда «Атыраудың» еншісінде 8 ұпай бар және команда турнир кестесінің соңғы сатысында тұр. Ал «Қызылжар» 19 ұпаймен 9-орынға жайғасқан.
«Қызылжар» — «Атырау» 0:1 (0:1)
Гол: Труфанов, 18 минут (0:1)